Атыраулық Алина Кузняткина 81 жастағы неміс миллиардері Хорст-Дитер Эшке тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Atyrau ONLINE басылымына сілтеме жасап.
Ерлі-зайыптылар бірнеше ай бұрын некеге отырып, жақында қызды болды. Бұл миллиардердің екінші қызы, біріншісі 1971 жылы Югославиядан келген модельден туған.
Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар қазір Мексикада тұрады және АҚШ-та жылжымайтын мүліктері бар.
Тұрмысқа шыққан соң Алина бұрынғы достарынан алшақтап, қазір тек күйеуінің айналасындағы адамдармен араласады. Қыздың ата-анасы жас айырмашылығына қарамастан оның таңдауына қолдау білдірген. Миллиардердің жас жұбайы қазір сән-салтанаты жарасқан жабық әлемде өмір сүреді, бірақ оған баспасөзде жеке өмірі туралы айтуға тыйым салынған.
Алинаның ата-анасы киім дүкенінің қожайыны делінгенімен, отбасының әлеуметтік желідегі суреттерінен асып-тасқан байлықты, шетелде шалқып демалып жүрген сәттерді байқамайсыз.
Оқи отырыңыз: Әлем аруы байқауына Моңғолияның атынан қойшының қызы қатысады