АҚШ-та дауыл салдарынан 44 адам ажал құшты

Мира Байбек
AP Photo
AP Photo

Көптеген тұрғын үйлерінен шыға алмай, құтқарушылардың келуін күтіп отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

АҚШ-тың оңтүстік-шығысындағы төрт штатта елге жеткен Хелен дауылы салдарынан кемінде 44 адам қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Associated Press агенттігі зардап шеккен штаттардың билігі мен төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«Белгілі болғандай, табиғи апаттан зардап шеккендер арасында Джорджия, Солтүстік Каролина, Флорида және Оңтүстік Каролина тұрғындары бар. Осы аймақтардың бәрінде және Теннесси штатында су басқан аймақтар да бар. Соның салдарынан көптеген үй қирап, ағаштар құлаған.

Қаза тапқандар арасында үш өрт сөндіруші, бір әйел мен оның 1 айлық егізі және үйін ағаш басып қалған 89 жастағы әйел бар», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ су басқан аймақтардағы көптеген тұрғын үйлерінен шыға алмай, құтқарушылардың келуін күтіп отыр.

Дауыл салдарынан сондай-ақ аталған штаттарда 4 миллионнан астам үй жарықсыз қалған.

Төртінші санаттағы Хелен дауылы Флорида штатының адам аз қоныстанған Биг-Бенд аймағына жұма күні таңертең соққан. Көп ұзамай қатты дауыл біртіндеп әлсіреп, Кентукки мен Теннесси штаттарына қарай жылжып кеткен.

Оқи отырыңыз: Жанармай құю бекетінде жарылыс болып, 11 адам қаза тапты

Новости партнеров