Зерттеу нәтижесінде жаһандық жылыну аптап ыстықты күшейтіп, салдарынан адам денсаулығына кері әсер еткені анықталды
2025 жылы маусым айында Еуропададағы экстремалды ыстық 2300 адамның мезгілсіз өліміне әкелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.
Ғалымдар 22 маусым мен 2 шілде аралығында жүргізген зерттеу барысында Батыс Еуропаның көп бөлігін шарпыған 40°C температураның адам өміріне кері әсерін бағалаған. Ауа температурасы жоғарылаған кезеңде әсіресе қарттар мен созылмалы ауруы бар адамдар қатты зардап шеккен.
Аталған кезеңде тіркелген 2300 өлім жағдайының ішінде кемінде 1500-і тікелей климаттың өзгеруіне байланысты болған. Зерттеу нәтижесінде жаһандық жылыну аптап ыстықты күшейтіп, салдарынан адам денсаулығына кері әсер еткені анықталды.
Зерттеушілердің айтуынша, аптап салдарынан болатын өлім-жітімнің көпшілігі ресми түрде тіркелмейді. Бұл жағдай нақты статистиканы шығаруға кедергі келтіріп отыр.
«Жоғары температурадан болған өлімдер көбіне басқа себептермен байланыстырылады. Сондықтан шынайы көрсеткіш ресми мәліметтерден әлдеқайда жоғары болуы мүмкін», – дейді зерттеу авторлары.
Оқи отырыңыз: Маңғыстау облысында 80-нен астам адам қаржы пирамидасының құрбаны болды