БҚО-да 1 300-ден астам адам жануарлардан зардап шекті

Eugene Lazovsky/unsplash.com
Eugene Lazovsky/unsplash.com

Бұл өткен жылғы осы кезеңдегіден (1 296) асып кетіп отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Батыс Қазақстан облысында жануарлардан зардап шеккен адамдар саны көбейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенованың мәлім еткеніндей, биылғы алты айда жануарлардан жарақат алған 1 333 адам медициналық көмекке жүгінді.

Оның сөзіне қарағанда, бұл өткен жылғы осы кезеңдегіден (1 296) асып кетіп отыр.

"Соның ішінде 942 адамды ит қапқан. 341-і мысықтан, төртеуі жылқыдан, 10-ы ірі қарадан, 35-і басқа жануарлардан зардап шекті. Дегенмен адамдар арасында құтырма ауруы тіркелген жоқ, - деді Д.Жаңабергенова.

Департамент басшысының айтуынша, биыл Ақжайық, Бәйтерек, Қаратөбе және Тасқала ауданында 4 адамның бруцеллезге шалдыққаны тіркелді. Бұл 100 мың тұрғынға шаққанда, 0,6-дан келеді. Барлық жағдайда ауру melitensis қоздырғышынан туындаған және адамдар малмен тығыз қарым-қатынас жасаған кезде жұқтырған.

Өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда, бруцеллез 16 дерекке кемігенімен, өңірде әлі де кездесіп отыр.

"Бруцеллездің алдын алу үшін малды жыл сайын тексеруден өткізу қажет. Сондай-ақ жеке қорғаныш құралдарын қолданып, мал дәрігерінің рұқсатынсыз ет пен сүтті сатпау керек. Оған қоса өнімдерді тек рұқсат етілген орындардан сатып алу маңызды, - деді Д.Жаңабергенова.

Оқи отырыңыз: Тоқ соқты: пойыз төбесіне шыққан жасөспірімдің денесін күйік шалды

 

Новости партнеров