Иранда шахтадағы жарылыстан қаза тапқандар саны 50-ден асты
Фото: REUTERS
Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Иранның шығысындағы Табас қаласындағы көмір шахтасында метан жарылысынан қаза тапқандар саны 50 адамнан асты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Бұл туралы елдің Mehr агенттігі хабарлады.
«Табастағы шахтада болған оқиғадан қаза тапқандардың саны 51 адамға жетті, тағы 20 адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.
Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін жарылыстан 30 адам көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз. Апат болған кезде шахтада 69 кенші жұмыс істеп жатқан.
Оқи отырыңыз: Бастары кесілген: Мексиканың АҚШ-пен шекаралас аумағынан 11 мәйіт табылды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
21.09.2026 08:12
Қайтыс болған адамның несиесін туыстары өтеуге міндетті ме
21.09.2026 21:29
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
21.09.2026 10:32
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл күйді көтеру жолы
20.09.2026 16:00
Мың жылдық тарихы бар Алматы жайлы қызықты деректер
20.09.2026 10:53