Қауіпті аймақтардан 4 мыңнан астам адам эвакуацияланған
Испанияның солтүстік және оңтүстік өңірлерінде орман өрті өршіп, 50-ден астам ауданға тарап кетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
«Анадолу» басылымының жазуынша, қауіпті аймақтардан 4 мыңнан астам адам эвакуацияланған. Бір ғана Галисия аймағында 47 мың гектардан астам жер жанып кеткен. Кастилия мен Леонда 3 мыңнан аса адам үйлеріне қайта алмай отыр.
Өртке қарсы күреске әскери бөлімшелер мен Еуроодақ жіберген әуе техникасы тартылған. Премьер-министр Педро Санчес 17 тамызда ең көп зардап шеккен Галисия мен Леон аймақтарына баруды жоспарлап отыр.
Ал Португалияда да 78 орман өрті тіркелген, оның сегізі ірі өрт ретінде тіркелді. Өртті сөндіруге 5 мыңнан астам өрт сөндіруші мен жүздеген техника жұмылдырылған.
Оқи отырыңыз: Пәкістанда нөсер мен су тасқынынан 300-ден астам адам қаза тапты