Қытай әлем бойынша ең биік көпір салып, рекорд жаңартты

Х/@PremKumarMeen12
Х/@PremKumarMeen12

Көпір Бэйпаньцзян өзенінің үстінен 625 метр биіктікте орналасқан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясында Хуацзян шатқалы арқылы әлемдегі ең биік көпір ашылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Көпір Бэйпаньцзян өзенінің үстінен 625 метр биіктікте орналасқан. Бұл Сан-Францискодағы әйгілі "Алтын қақпа" көпірінен тоғыз есе биік.

"Құрылысы үш жылға созылған нысанның жалпы ұзындығы – 2 890 метр. Ал негізгі өткелі – 1 420 метр. Билік өкілдерінің айтуынша, бұл таулы жерде болат фермалар арқылы салынған әлемдегі ең ірі аспалы көпір", - делінген хабарламада.

Бұған дейінгі рекорд дәл осы өзеннің үстінен салынған басқа бір көпірге тиесілі болған. Оның биіктігі 565,4 метр, және ол жаңа нысаннан шамамен 100 шақырым қашықта орналасқан.

Жаңа көпір Хуацзян шатқалынан өту уақытын екі сағаттан екі минутқа дейін қысқартты.

Оқи отырыңыз: Танымал актерді көргісі келгендер бірін-бірі таптап, 36 адам көз жұмды

Новости партнеров