Шымкент жастар театрының басшылығы 136 млн теңге қаржы жымқырған - ҚМА

Күдікті деп танылған мекеме директоры қамауға алынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Шымкент жастар театрының» директоры мен өзге де лауазымды тұлғалар 136 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Өнер ордасына қазынадан концерт ұйымдастыруға қажет жабдықтарды сатып алуға 320 миллион теңге бөлінген екен. Алайда жауаптылар сатып алу заңы мен ережелерін сақтамаған.

Тіпті олардың бірі қылмыстық жолмен алынған 48 миллион теңгеге автокөлік пен пәтер сатып алып, оны сенімді адамдардың атына рәсімдепті. Соттың санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынып, күдіктілер қамауға алынған.

«Алайда сатып алу талаптарын бұза отырып, лоттарды қолдан бөлшектеу арқылы 20-дан астам атау бойынша сатып алу электронды дүкен арқылы жүргізілген. Электронды сауда алаңы арқылы жабдықты нақты жеткізбеген жалған жеке кәсіпкерлермен келісімшарттар жасалып, қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған», - деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысындағы жарылыс: бір адам ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр

Новости партнеров