Дәрігер Ирен Пинилья ұзақ өмір сүру мен тері сұлулығына пайдалы жаңғақтарды атады
Дұрыс тамақтану — мықты денсаулық пен ұзақ ғұмырдың басты кепілі. Белгілі дәрігер Ирен Пинилья адам ағзасын жасартатын және өмір жасын ұзартуға септігін тигізетін жаңғақтың үш түрін атады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Шетелдік Deia басылымының мәліметінше, маман күнделікті мәзірге қосуға тиіс ең пайдалы суперфудтардың маңызына тоқталған.
Жаңғақтар ағзаға барынша шипалы болуы үшін оларды таңдау мен жеудің ережелерін білген жөн. Ирен Пинильяның сөзінше, адам баласына қажетті күнделікті орташа норма — небәрі 30 грамм (шағын бір уыс).
Сондай-ақ, жаңғақтың шикі немесе тұзсыз, ешқандай қоспасыз жеңіл қуырылған түрлеріне басымдық берген дұрыс. Құрамында тұзы, қанты, тәтті глазурі немесе химиялық дәмдеуіштері бар өнімдер өзінің пайдалы қасиеттерін жоғалтып, керісінше, артық салмақ пен қан тамырларының бітелуіне әкеп соғуы мүмкін.
Оқи отырыңыз: Алматыда 29 маусым мен 5 шілде аралығында ауа райы қандай болады