Құтқарушылар найзағай маусымында қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады
Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданына қарасты Краснокаменка ауылында найзағай салдарынан тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Qazaqstan Media-ға сілтеме жасап.
Оқиға төртінші маусым күні болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, найзағай Целинная көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйдің шатырына түскен. Соның салдарынан бір бөлмедегі керме төбе мен жиһаз жанып кетті.
«От 20 шаршы метр аумаққа таралып кеткен. Оқиға орнына жедел жеткен ТЖД қызметкерлері өртті дереу сөндірді. Зардап шеккендер жоқ», — делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Құтқарушылар найзағай маусымында қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Мамандар табиғи құбылыстардың салдарын ескеріп, тұрғын үй мен электр жүйелерін тиісті қорғаныс құралдарымен жабдықтау қажеттігін ескертеді.
Оқи отырыңыз: Құлсарыда 8 жастағы қызды өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды