Польша төрт күндік жұмыс аптасына көшеді

Dylan Gillis/unsplash.com
Dylan Gillis/unsplash.com

Бұл жоба жұмыс берушіге зиян келтірмейді: кейбір компаниялар мен мемлекеттік органдар жұмыс кестесін өзгерткені үшін 1 миллион злотийге дейін алады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Польшаның Отбасы, еңбек және әлеуметтік саясат министрлігі 30 маусымнан бастап жұмыс уақытын аптасына бес күннен төрт күнге қысқарту бойынша пилоттық бағдарламаны іске қосады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қызметкер мен жұмыс беруші екі нұсқаның бірін таңдай алады:

  • аптасына төрт күн жұмыс істеу (бірдей жалақымен)
  • жұмыс күнін 6 сағатқа дейін қысқарту.

Тиісті заң 2027 жылдың қарашасына дейін толығымен қабылданады деп жоспарлануда.

Бұл жоба жұмыс берушіге зиян келтірмейді: кейбір компаниялар мен мемлекеттік органдар жұмыс кестесін өзгерткені үшін 1 миллион злотийге дейін алады. Бірінші жылы жобаға жалпы бюджеттен 10 миллион злотий бөлінеді.

Сарапшылар жұмыс уақытын қысқарту ресми түрде тиімді екенін алға тартады. Мысалы, Францияда жұмыс уақытын қысқарту жалпы ішкі өнімнің 81 пайызға өсуіне әкелді.

Оқи отырыңыз: СҚО-да күйік шалған сегіз адамның екеуінің жағдайы ауыр

Новости партнеров