Қырғызстандағы Сібір жарасы: Қазақстанда карантин жарияланады ма?

 Қырғызстандағы Сібір жарасы: Қазақстанда карантин жарияланады ма?
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қырғызстанда Сібір жарасы тіркелді. Ақпарат бойынша, індетке шалдыққан адам саны қазіргі кезде 11- ге жеткен. Науқастардың басым бөлігі дертті, ауру малды сойғаннан кейін жұқтырған. Алғашқы дерек маусымның 25-і күні анықталған. Қазіргі таңда тұрғындар тиісті ем қабылдау үстінде екен. Осы жағдайға орай, Қазақстан тарапы қандай шара қолданады? Карантин жариялана ма? Осы және өзге де маңызды сұрақтарға дәл қазір Ауыл шаруашылығы министрлігің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Арман Өтеғұлов жауап беруге дайын.

- Қайырлы кеш Арман Кәрімұлы! Қырғызстанда Сібір жарасы анықталып отыр. Осыған орай, Қазақстанда карантин жариялана ма?

- «Иә, Тоғжан! Қазір ақпарат беттерінде Қырғыз мемлекетінде болып жатқан Сібір жарасына байланысты ақпараттар түсіп отыр. Осыған байланысты біздер шекарадағы қызметке өзіміздің тапсырмаларымызды бердік. Қазіргі күнгі ақпарат беттерінен алған мәліметіміз бойынша 11 адам аурханаға түсіп ,ем алуда. Соған байланысты ертең өзіміздің әріптестерімізбен Қырғыз мемлекетіндегі ветеринарлық саладағы әріптестермен бірге толыққанды қандай жағдайда болғанын бәрін тексеріп, содан кейін барып қандай шараларды алу біздің болашақтағы жұмысымыз.Оны алатын боламыз».

- Бұдан ертерек Ресейде құс тұмауы өршіді. Осыған орай, Қазақстан белгілі шектеулер қойған болатын. Бұл тосқауыл қанша уақытқа созылады?

- Ресей федерациясындағы болып жатқан құс тұмауына байланысты біздер шараларын алдық. Ол Курск, Пенза және Самара облыстарындағы болып жатқан құс тұмауына байланысты бұл жекелеген адамдардың құстарының ауруынан басталған. Соған байланысты барлық мекемелердің, барлық өңдейтін мекемелердің шығарып отырған өнімдеріне Қзақстан Республикасына кіруге тыйым салынды. Бұл енді біз Ресей Федерациясындағы әріптестермен бірге сол құс тұмауын қалай ошақты жабады содан кейін барып, ашу жөніндегі тек қана екі мемлекеттің ветеринарлық саласындағы мамандары арқылы жүзеге асатын болады.

- Осы жағдайларға орай, ішкі нарықта қауіпсіздік шаралары қолға алынды ма? Нендей қадамдар іске асып отыр?

- Бұл жөнінде Қазақстан Нарығына кіріп келе жатқан барлық өнімдердің баршасын біздер тексеріп отырамыз. Біздермен қатар, Денсаулық саласындағы тексеруші органдардың құзыретінде. Сол екі мекеменің бақылауында болады әр уақытта да. Жаңағыдай көршілес елдерде шығып жатқан жұқпалы ауруларға байланысты бақылауды бізде күшейтетін боламыз.

Арман Кәрімұлы жауабыңызға рақмет!


Новости партнеров