Түркияда 5,8 магнитудалық жер сілкінісі болды
Jens Aber/unsplash.com/
Мугла губернаторы Идрис Акбыйыктың хабарлауынша, зілзаладан кейін биіктен үреймен секірген 34 адам жарақат алған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жер сілкінісінің ошағы Эгей теңізінде орналасқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Түркия Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар агенттігінің (AFAD) таратқан дерегінше, жер сілкінісінің ошағы Мугла провинциясының Мармарис ауданынан 10,43 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі – 67,91 шақырым.
Мугла губернаторы Идрис Акбыйыктың хабарлауынша, зілзаладан кейін биіктен үреймен секірген 34 адам жарақат алған. Ол сондай-ақ оқиға салдарынан Мармаристегі екі ғимаратта жарық пайда болғанын атап өтті.
Оқи отырыңыз: ІІМ: Қарағанды облысында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы екі қылмыстық топты ұстады
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
12.11.2026 21:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
12.11.2026 19:41
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
13.11.2026 08:13