Түркияда соңғы он күнде 800-ге жуық өрт оқиғасы тіркелген

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Билік көптеген өрт ошағы адам қолымен қасақана тұтанған деген болжам айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркияда соңғы он күнде 800-ге жуық өрт оқиғасы тіркелген. Олардың ең ауқымдысы Измир, Сакария, Хатай, Биледжик, Маниса, Стамбұл және Бурса қалаларында болған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Елдің Ішкі істер министрі қызыл жалыннан келген залалдың көлемі анықталып жатқанын және тек Измирдің өзінде кем дегенде 228 үйге зақым келгенін айтты.

Ресми деректерге сәйкес, Түркияның өрт сөндіретін 27 ұшағы мен 105 тікұшағы бар. 

«Билік елдегі өрттердің себебін анықтап жатыр, көбін адамдар әдейі істеуі мүмкін. Бір уақытта бірнеше жерде, әсіресе, құтқарушылардың жетуі қиын жерлерде өрт шығуы күдік туғызады. Сондықтан кез келген ақпаратты билікке жеткізу маңызды», - деді орман шаруашылығы инженері Хасан Туркйылмаз.

Оқи отырыңыз: Аюмен селфи жасамақ болған: тауда жүрген турист өлі табылды

Новости партнеров