Тағы бір адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді
Үндістанның Керала штатында индуистердің Махавишну ғибадатханасындағы бата беру рәсіміне жеткізілген піл шынжырын үзіп, адам өліміне себеп болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Британдық The Sun басылымының жазуынша, піл алдымен жеңіл автокөлікті тұмсығымен тесіп, аударып тастаған, кейін есігіне азуын сұққан.
Ашуға булыққан жануар екі сағат бойы маңайдағының бәрін қиратып, 40 жастағы Вишну есімді ер адамды таптап өлтірген.
Айта кетейік, дәл осы азамат пілді ғибадатханаға жеткізген жүргізуші болған.
Оқиғадан кейін піл ұзақ уақыт бойы марқұмның денесінің жанынан кетпей, жақындауға әрекеттенген адамдарға қауіп төндіріп, медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік бермеген.
Тағы бір адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Ақырында мамандар пілді тыныштандыратын дәрі егілген дротик арқылы жуасытып, ғибадатхана маңындағы кокос пальмасына байлап қойған.
Оқи отырыңыз: Көкшетауда мотоцикл жүргізушісінен 5 келіден астам марихуана тәркіленді