Үндістанда маймылдар 6 жасар қызды педофилден құтқарып қалды

Мира Байбек
elements.envato.com
elements.envato.com

Күдікті әлі бостандықта жүр 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үндістанда бір үйір маймыл алты жасар қызды педофилдің қолынан аман алып қалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Times of India басылымының жазуынша, оқиға күндіз, бүлдіршін далада ойнап жүрген кезде болған. Қыз баланың жалғыз жүргенін байқаған бейтаныс ер адам оны қараусыз қалған үйге апарып, зорламақ болған. Сол сәтте бір үйір маймыл зорлықшыға шабуыл жасап, оны сол аумақтан қашып шығуға мәжбүрлеген.

Полицейлер қыздың ата-анасының арызынан кейін істі тергеуге кірісті.  

«Ер адамның қараусыз қалған үйге қарай қызымды жетектеп апара жатқанын бейнекамерадан көрдік. Ол сол кезде қызыма «үніңді шығарсаң, өлтіремін» деп айтыпты. Егер маймылдар келіп қалмағанда, қызымды тірі көрмес едім», - дейді қыздың әкесі жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында.

Тәртіп сақшылары күдіктіні іздеп жатқанын, оның үстінен қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

Оқи отырыңыз: Ұлыбританияда бірнеше қаланы су басты

Новости партнеров