Жапонияда сайлау учаскесі ашылды

06.10.2024 04:31

Алғашқы болып Астана уақыты бойынша сағат 3-те дауыс бере бастады

24KZ

Ол Токио қаласындағы Қазақстан Республикасының елшілігінде орналасқан,  деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшіісі 24KZ- ке сілтеме жасап.

Алғашқы болып Марлен Доскалиев, жапон клиникаларының бірінде жұмыс істейтін хирург дауыс берді. Ол референдумға қатысып, Қазақстанның дамуы үшін маңызды мәселе бойынша өз пікірін білдіруге қуанышты екенін атап өтті.

Сондай-ақ 18 жастағы студент Алмас Әлжан да өз дауысын берді. Ол Токиодағы жоғары оқу орнында оқиды. Оның айтуынша, ол азаматтық борышын орындау және АЭС құрылысы мәселесі бойынша дауыс беру үшін сайлау учаскесіне келген.

Оқи отырыңыз: Сеулдегі референдумда алғашқы қазақстандық болып кім дауыс берді