|
08.10.2021 | 08:13
824

Нұр-Сұлтанда вакцина салдырған тұрғын 2 бөлмелі пәтер ұтып алды

Ұтысқа 25 маусым мен 28 қыркүйек аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан тұрғындар қатысты

Нұр-Сұлтанда вакцина салдырған тұрғын 2 бөлмелі пәтер ұтып алды  Фото: pixabay.com

Елордада екпе алған азаматтар арасында екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойыны өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойынына осы жылдың 25 маусымы мен 28 қыркүйегі аралығында елорданың кез келген егу пунктінде коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алған, кәмелетке толған азаматтар қатысты.

Ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін Birge платформасында арнайы рандомайзер сервисі орнатылды, ол жүлде иелерін вакцинацияланған ID генерациясымен таңдады.

Сарыарқа ауданындағы Есіл өзенінің жағалауында орналасқан «Рио-де-Жанейро» ТК-дегі жаңа пәтерді Әсемгүл Ысқақова жеңіп алды. Пәтердің демеушісі - «G-park» құрылыс компаниясы.

Сонымен қатар, вакциналанғандар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылды: үш iPhone12, тоңазытқыштар, теледидарлар, қысқа толқынды пештер, шаңсорғыштар, үтік, фен және т.б. 

Вакциналанғандар арасында бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны жалғасатын болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир