|
22.09.2021 | 08:39
526

Қарағандыда 95 жастағы қария вакцина салдырды

Қария «Спутник V» екпесін алды

Қарағандыда 95 жастағы қария вакцина салдырды

Қарағандыда 95 жастағы соғыс ардагері коронавирус вакцинасын салдырды. Ол «Спутник V» екпесін алуды жөн көрген. Ал дәрігерлер болса аталған процедураны ардагердің үйіне барып жүргізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Алдымен денсаулығын мұқият қараған ақ халаттылар қарияның денсаулығында кінәрәт жоқ екенін айтады. Николай Рассказимов 1943 жылы майданға аттанып, Қиыр Шығыста атқыштар бөлімінің командирі болған. Ол II дәрежелі «Отан соғысы» ордені және «Ерлігі үшін» медалінің иегері. Бұл ісі арқылы соғысты жеңген қария індетті жеңудің басқа жолы жоқ екенін көрсеткісі келген. Бүгінгі күні Қарағанды облысында 450 мыңға жуық адам екпенің екі компонентін салдырды.

«Мен неге вакцина алмауым керек? Өзімнің, балаларымның қауіпсіздігі үшін керек бұл. Екі жылдан бері дендеп біткен ауруды осылай жеңбесек, басқа жолы жоқ сияқты», – дейді соғыс ардагері Николай Рассказимов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

вакцина
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир