|
28.10.2021 | 09:26
639

Америкада қараша айынан бастап балаларға екпе салынады

Америкада 5 пен 11 жас аралығындағы екі мыңға жуық бала коронавируспен ауырған

Америкада қараша айынан бастап балаларға екпе салынады azattyq.org

АҚШ-тың Медициналық қызметті бақылау комиссиясы (FDA) ел аумағындағы 5 жастан 11 жасқа дейінгі жасөспірімдерге COVID-19 вирусына қарсы екпе салуды ұсынды. Сала мамандарының көпшілігі қолдаған бұл ұсыныс бірауыздан қабылданған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Америкалық мамандар Pfizer екпесін жасөспірімдерге салуды жөн көріп отыр, деп жазады The New York Times басылымы.

АҚШ аумағындағы екпе қолдану жұмысын бақылаушы органның басшысы доктор Питер Маркстің айтуынша, осы уақытқа дейін Америкада 5 пен 11 жас аралығындағы екі мыңға жуық бала коронавируспен ауырған. Дәрігерлер олардың 8300-іне ауруханада ерекше ем қабылдауға мәжбүр болған.

Енді қараша айынан бастап Америкадағы 28 миллион жасөспірімге екпе салу басталады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир