Алматыға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы 10 қарашада жеткізіледі
© AFP 2021 / TED ALJIBE
Pfizer вакцинасы 306 мың оқушы мен студентке салынады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы 10 қарашада жеткізіледі деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы қалаға бүгін кешкі сағат 19.45-те жеткізіледі. Вакцина Qatar Airways рейсімен әкелінеді», – деп хабарлады Алматы әуежайының баспасөз қызметі.
Бұған дейін қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин балаларға Pfizer вакцинасын алуға болатынын айтқан еді. Оның айтуынша, Pfizer вакцинасымен 306 мың оқушы мен студентке вакцинация жасалады. Бұл иммундық қабатты арттыруға мүмкіндік береді. Ол өз кезегінде ауру деңгейінің төмендеуіне септігін тигізеді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.10.2026 09:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
24.10.2026 12:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37