Қазақстанда вакцинаның бірінші компонентін алғандар саны 5,7 млн-нан асты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram парақшасындағы мәлімет бойынша, 8 тамызда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1- компонентін 5 727 414 адам, 2-компонентін 4 356 279 адам салдырған.
Вакцина салдырудан елімізде Алматы қаласы бірінші орында, 768 мың адам екпенің 1-компонентін, 601 мың адам 2-компонентті салдырған. Екінші орында Түркістан облысы, 624 мың адам екпенің бірінші бөлігін алса, екінші бөлігі 455 мың адамға егілген. Үшінші орында Алматы облысы тұр. Өңірде 581 мың адам вакцинаның 1-компонентін, 439 мың адам 2-компонентін алған.