2021 жылдың 16 сәуірде Адматы қаласы бойынша коронавирус инфекциясының 673 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 551-і симптомдық белгілері бар және 122 симптомсыз. Бір тәулік ішінде – 411 науқас қабылданды, барлық стационардан 313 науқас шығарылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Барлық инфекциялық стационарларда (6 060 төсек-орын) физикалық тұрғыдан 3 788 адам (98 бала) орналасқан, оның ішінде ересектер аса ауыр – 793, ауырлығы орташа дәрежеде – 2 995.
Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жалпы – 231 ( бос төсек-орын саны – 258).
ӨЖЖ – 27, инвазивті емес ӨЖЖ – 82, High flow-да 86 аппарат жұмыс істейді.
6 147 науқас амбулаториялық бақылауда, оның ішінде 5 288 науқаста жеңіл және орташа дәрежедегі симптомдық белгілері бар және 859 симптомсыз.
2021 жылдың 15 сәуір күні екпе бойынша туралы ақпарат.
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 8 890 адам вакцина алды.
01.02.2021-15.04.2021 жыл аралығында қала бойынша барлығы 116 959 адам вакцинацияланды.
Бүгінгі таңда 203 вакцинация пункті жұмыс жасайды, 406 вакцинация бригадасында 1809 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.
13 сәуір күні Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында және 15 сәуір күні Наурызбай ауданындағы «Таусамалы» базарында вакцинация пункті өз жұмысын бастады.