|
25.10.2021 | 10:48
2331

Алматыда бір тәулікте 1 186 адам КВИ екпесін алды

Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 120 144

Алматыда бір тәулікте 1 186 адам КВИ екпесін алды Фото: ашық дереккөзден

2021 жылғы 25 қазанға арналған вакцинация және коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2021 жылдың 24 қазан күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 231адам анықталды (жергілікті), оның 219-ы симптомдық белгілері бар және 12-і симптомсыз.

Барлық емделіп шығарылғандар – 18, келіп түскені – 63.

Инфекциялық стационарларда (2 334 төсек-орын) жалпы саны 1 205 адам (оның ішінде 33 балалар) емделіп жатыр.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 119.

ӨЖЖ – 24, инвазивті емес ӨЖЖ – 66, High flow-да 19 аппарат жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 2 653 науқас жатыр, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде –2 562, симптомсыз 91 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде КВИ вакцинасының  1-компонентін – 500 адам, 2-компонетін 686 адам вакцинацияланды.

Биылғы 1 ақпан мен 24 қазан аралығында қала бойынша  1-компонентін – 987 305 адам, 2-компонентін 915 242 адам вакцинацияланды.

Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 120 144.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 137 вакцинация пункті жұмыс істейді. 205 вакцинация бригадасында 733 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир