Алматыдағы коронавирус: ақпан айынан бастап 209 197 адам вакцинацияланды

Almaty.tv.
Almaty.tv.
Бүгінгі таңда 211 вакцинация пункті жұмыс жасайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2021 жылғы 30 сәуірге арналған вакцинация және коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша ақпарат. 2021 жылдың 29 сәуір  күні жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 675  жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті 673 және Түркия және РФ елінен келген 2 жағдай), оның 584 симптомдық белгілері бар және  91 симптомсыз, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Барлық емделіп шығарылғандар – 333, келіп түскені – 400.

Барлық инфекциялық стационарларда (6 060 төсек-орын) физикалық тұрғыдан 3 794 адам (оның ішінде 108 балалар).

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде –  239.

ӨЖЖ – 38, инвазивті емес ӨЖЖ – 78, High flow-да 95 аппарат жұмыс істейді.  

5 477 науқас амбулаториялық бақылауда, оның ішінде 4 861  науқаста жеңіл және орташа дәрежедегі симптомдық белгілері бар және 616 симптомсыз.

Қаладағы вакцинация:

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  6 623 адам вакцинация алды. Оның ішінде 198 адам QazVac вакцинасымен егілді.

01.02.2021 – 28.04.2021 жыл аралығында қала бойынша барлығы 209 197 адам вакцинацияланды.

Бүгінгі таңда 211 вакцинация пункті жұмыс жасайды, 402 вакцинация бригадасында, 1 809 медицина қызметкерлері жұмылдырылды 40 көшпелі мобильді бригадалар.

Новости партнеров