|
08.05.2021 | 11:03
4125

Алматыда бір тәулікте 3 мыңнан астам адам COVID-19 вакцинасын алды

01.02.2021-08.05.2021 жыл аралығында қала бойынша барлығы 247 104 адам вакцинацияланды

Алматыда бір тәулікте 3 мыңнан астам адам COVID-19 вакцинасын алды kapital.kz

2021 жылдың 7 мамыр күнгі ақпарат бойынша коронавирус инфекциясының 646  жаңа жағдайы тіркелді, оның 600 симптомдық белгілері бар және 46 симптомсыз, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бір тәулік ішінде емделіп шығарылғандар саны – 243, келіп түскені – 312.

Барлық инфекциялық стационарларда (6 060 төсек-орын) физикалық тұрғыдан 3 399 адам (оның ішінде 106 балалар).

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде –  234.

ӨЖЖ – 32, инвазивті емес ӨЖЖ – 69, High flow-да 94 аппарат жұмыс істейді.  

4 659 науқас амбулаториялық бақылауда, оның ішінде 4 046  науқаста жеңіл және орташа дәрежедегі симптомдық белгілері бар және 613 симптомсыз.

Ал Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  3 018 адам вакцина алды. 01.02.2021-08.05.2021 жыл аралығында қала бойынша барлығы   247 104 адам вакцинацияланды.

Бүгінгі таңда  214 вакцинация пункті жұмыс жасайды, 315 вакцинация бригадасында 1 282 медицина қызметкерлері жұмылдырылды. Сонымен қатар, қалада көшпелі мобильді бригадалар да жұмыс істейді. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир