Алматыда бір тәулікте 2917 адам КВИ екпесін алды

фото из открытых источников
фото из открытых источников
Вакцина алғандардың 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 123 997
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2022 жылғы 26 қаңтарға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2021 жылдың 25 қаңтар күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциясының 2 126 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 1 899-ы симптомдық белгілері бар және 227-і симптомсыз.

Емделіп шыққандар – 212, келіп түскені – 232.

Инфекциялық стационарларда (3 310 төсек-орын) жалпы саны 1 430 адам (оның ішінде 150 балалар) емделіп жатыр.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде –  90.

ӨЖЖ – 16, инвазивті емес ӨЖЖ – 31, High flow-да 9 аппарат жұмыс істейді.  

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 11 509 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 10 831, симптомсыз 678 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 1-компонентті – 1 769 адам, 2-компонентті – 1 148 адам вакцинацияланды.

01.02.2021-25.01.2022 жыл аралығында қала бойынша 1-компонентті – 1 102 954 адам, 2-компонентті – 1 048 071 адам вакцинацияланды.

Вакцина алғандардың 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 123 997.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесімен 38 518 адам, оның ішінде2 060 жүкті әйелдер,  8 359 емізулі аналар және 28 099 балалар мен жасөспірімдер вакцина алды.

122 960 қала тұрғыны ревакцинациядан өтті.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, базарларда және 119 вакцинация пункті жұмыс істейді. 140 вакцинация бригадасында 520 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.

Новости партнеров