Алматыда бір тәулікте 3 825 адам КВИ екпесін алды

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Вакцина алғандардың 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 123 278
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2021 жылғы 29 желтоқсанға арналған вакцинация және коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2021 жылдың 28 желтоқсан күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциясының 52 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 48-і симптомдық белгілері бар және 4-і симптомсыз.

Барлық емделіп шығарылғандар – 13, келіп түскені – 18.

Инфекциялық стационарларда (894 төсек-орын) жалпы саны 122 адам (оның ішінде 4 балалар) емделіп жатыр.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 28.

ӨЖЖ – 13, инвазивті емес ӨЖЖ – 8, High flow-да 3 аппарат жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 308 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 282, симптомсыз 26 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 1-компонентті 1 501 адам, 2-компонентті  2 324 адам вакцинацияланды.

01.02.2021-26.12.2021 жыл аралығында қала бойынша 1-компонентті – 1 074 156 адам, 2-компонентті – 1 015 478 адам вакцинацияланды.

Вакцина алғандардың 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 123 278.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесімен 29 276 адам, оның ішінде 1 600 жүкті әйелдер, 5 840 емізулі аналар және 21 836 балалар мен жасөспірімдер егілді.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 132 вакцинация пункті жұмыс істейді. 201 вакцинация бригадасында 762 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.

Новости партнеров