|
23.04.2021 | 13:11
3494

Қасым-Жомарт Тоқаев отандық екпе өндірісін ұлғайтатынын айтты

Келер аптадан бастап қазақстандықтар отандық вакцинаны қабылдай бастайды

Қасым-Жомарт Тоқаев отандық екпе өндірісін ұлғайтатынын айтты ortcom.kz

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев QazVac вакцинасының өндірісін ұлғайтатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҚР Президенті бұл туралы Twitter-дегі парақшасында жазды.

«QazVac вакцинасы еліміздің өңірлеріне жеткізіле бастады. Барлық азаматтарға қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісін ұлғайтамыз. Қазақстан әлем бойынша өз вакцинасын шығарған бірнеше елдің қатарында. Екпені әзірлеген ғалымдар мен мамандардың бәріне алғыс айтамын»,  – деп жазды мемлекет басшысы.

Еске сала кетсек, QazVac қазақстандық вакцинасының бірінші партиясы өңірлерге жөнелтілді. 50 мың дозадан тұратын алғашқы партия Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Нұр-Сұлтандағы «СК-Фармация» қоймаларына жеткізілген болатын.

Сонымен қатар, келер аптадан бастап қазақстандықтар отандық вакцинаны қабылдай бастайды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир