4 млрд теңгеге жуық қаржыны алаяқтықпен қолма-қол ақшаға айналдырған қылмыстық топ ұсталды
Фото: nur.kz
7 компания арқылы қомақты қаржыны қолма-қол ақшаға аударған 6 сыбайластың жолын кесті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда 4 млрд теңгеге жуық қаржыны алаяқтықпен қолма-қол ақшаға айналдырған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 2017-2019 жылдары оған бағынышты 7 компания арқылы қомақты қаржыны қолма-қол ақшаға аударған 6 сыбайластың жолын кесті. Қылмыстық топтың құрамында бұрынғы қаржы полициясының қызметкері мен бір банктің бөлімшесінің басшысы бар. Олар Қылмыстық кодекстің 28-бабы 5-бөлігі, 216-бабының 3-бөлігі, яғни нақты жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей және тауарларды жөнелтпей шот-фактуралар жазып беру бабы бойынша кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық топ жымқырған қаржы мемлекет кірісіне айналдырылды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34