Алматыда COVID-19 жұқтырған симптомды науқастар көбейді

04.05.2021 18:15

Осы жылғы 4 мамырдағы жағдай бойынша Алматы қаласында коронавирустық инфекциясын жұқтырған 56 526 адам тіркелген

Фото: ainews.kz

Алматыда COVID-19 жұқтырған симптомды науқастар көбейді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осы жылғы 4 мамырдағы жағдай бойынша Алматы қаласында коронавирустық инфекциясын жұқтырған 56 526 адам тіркелген.

03.05.2021 коронавирустық инфекцияның 658 жағдайы тіркелді, оның ішінде 602 симптомды, 56 симптомсыз, 1 жағдай этиологиясы анықталмаған пневмония. Тәуліктік өсім — 1,1%. Репродуктивті саны — 0,999. Емделгендер — 44 393 адам, қосымша тәулігіне – 200 науқас сауығып шықты.

КВИ штаммдарының мутациялануына байланысты КВИ жұқтыру мен дертке шалдығу жалғасуда. Симптомсыз науқастардың үлес салмағының төмендеуде, симптомдық науқастар көбеюде: қаңтар 73%, ақпан 70%, наурыз 78%, сәуір 86%, мамыр айының үш күнінде 87,4%.

Негізінен инфекцияны 20-дан 70-ке дейінгі жас аралығындағылар тез жұқтырады. Олар науқастардың жалпы санының 76%-ын құрайды. Соңғы 7 күнде науқастанғандардың 33%-ы 20-дан 39-ға дейінгі жас аралығына жатады; 28,9%-ы 40-тан 59-ға жасқа дейін; 23,3%-ы 60 және одан жоғары жастағылар.

Жалпы бүгінгі күні инфекциялық стационарларда (6060 төсек-орын) 3767 адам жатыр. Медициналық қызметтің сапасын арттыру мқсатында пациенттер сырқат дегейіне қарай бөлінуде, яғни эшелондау қағидаты енгізілді. Мұның бір артықшылығы, төсек-орындар жеткілікті болады. Бүгінде төсек-орын қорының 58,3%-ы, реанимациялық төсек-орындардың 51,6%-ы бос емес.

Еске салсақ, бірінші эшелонға жағдайы ауыр науқастар, қосалқы аурулары және ықтимал қауіптері бар орташа ауырлықтағы пациенттер жатады. Екінші эшелонға орташа ауыр жағдайдағы пациенттер жатады, ал үшінші эшелон-резервтік стационарлар.

Бүгінде 5176 пациент МСАК мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының бақылауында.

Тәулігіне 15 670 сараптама жасау үшін 26 ПТР зертхана жұмыс істейді, келешекте 26 992 сараптамаға дейін ұлғаюы мүмкін. Сондай-ақ, тәулігіне 3248 сараптамалық өткізу қуаты бар 14 ИФТ зертхана жұмыс істейді.

Қаланың халықаралық әуежайында санэпид бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылданды. ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 12.04.2021 № 13 қаулысына сәйкес ҚР-ға ұшып келу кезінде ПТР нәтижелерінің болуы міндетті. Мәселен, анықтаманың жоқтығынан 31 шетел азаматы депортацияланды.

Алматыда эпидемиологиялық ахуал әлі де күрделі. Айта кетерлігі, қалалықтарды COVID-19-ға қарсы жаппай вакциналау қарқынды жүруде. 4 мамырдағы жағдай бойынша екпені 226 258 адам алды, оның ішінде 4878 полиция қызметкері, 18 210 педагог, 24 391 дәрігер. Егілгендердің жалпы санын 60 жастан асқан 30 256 адамды құрайды (13,4%).

Алматылықтарың екпе алғандары жөн, бұл ағзаны коронавирустық инфекцияның ауыр ағымынан қорғауға, сондай-ақ мегаполисте ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт нысандарында, базарларда және қаланың СОО-да 211 егу пункті жұмыс істейді (250-ге дейін ұлғайту мүмкіндігімен). 1809 адамнан тұратын 402 егу бригадасы жұмылдырылды.