Алматылықтарды ұжымдық иммунитетті арттыру үшін екпе салуға шақырды

фото из открытых источников
фото из открытых источников
Бүгінде Алматыда Pfizer компаниясының Comirnaty препаратымен 13 248 адам вакциналанды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін бүгінгі 56,5%-дық көрсеткіш жеткіліксіз деп есептейді Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова, сондықтан вакцинациялау өте маңызды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ол мегаполисте вакциналаудың 132 пунктінде барлық тілек білдірушілердің  тегін егілетінін еске салды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.                

"Бүгінде біз ұжымдық иммунитет деңгейінің 56,5%-ына жеттік, ол вакциналанғандардың 48,4%-ынан және ауырып жазылған адамдардың 8,1%-ынан тұрады. Бұл ретте вакцинациядан кейін сырқаттанғандардың үлес салмағы егу науқаны басталғаннан бері небәрі 0,3 %-ды – 3151 адамды құрады. Ал аурудың жаңа ауыр көтерілуінің алдын-алу үшін вакцинация арқылы, оның ішінде 9 ай немесе алты ай бұрын вакцинацияланған адамдар үшін қайталануы мүмкін", - дейді Ә. Қалықова.

Спикердің айтуынша, өткен аптада жұқтырғандардың негізгі үлесін (78%) 20-39 жастағы азаматтар – 27,9%, 40-59 жастағы азаматтар – 27,6%, 60 және одан жоғары жастағы адамдар – 22,3% құрайды. 14 жасқа дейінгі балалар арасында жұқтырудың үлес салмағы (124 жағдай) - 16%-ға дейін өсті, оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар (21 жағдай) - 2,7%. 

Вирус жұқтырғандардың ішінде: өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыс істемейтін азаматтар – 26,1%, зейнеткерлер – 21,2%, ұйымдар, ЖШС, ЖК қызметкерлері – 20,3%, оқушылар – 13,1%.

Ұйымдастырылмаған балалар арасында жұқпаның өсуі байқалады – 5%-ға дейін, студенттер – 3,4%-ға дейін, банктер мен сақтандыру компанияларының қызметкерлері – 2,8%-ға дейін және әскери қызметшілер – 1,3%-ға дейін. Халықтың қалған санаттары 1% шегінде.

Өткен аптада негізгі жұқтыру орындары (91%) сауда объектілері – 35%, қоғамдық көлік – 30%, отбасылардағы байланыстар – 16% және базарлар – 10% болып табылады.

Қоғамдық денсаулық  басқармасының мәліметінше, 2021 жылдың 1 ақпанынан 29 қарашасына дейінгі аралықта І компонентпен 1 035 512 адам, II компонентпен 968 966 адам вакцинацияланды. 60 жастан асқандар арасында вакциналанғандар саны – 122 205.

Бүгінде Алматыда Pfizer компаниясының Comirnaty препаратымен 13 248 адам вакциналанды, оның ішінде жүкті әйелдер – 795, бала емізетін әйелдер – 2 803, балалар мен жасөспірімдер – 9 650.

Новости партнеров