Тұмауға қарсы екпені қай кезде алған дұрыс

11.11.2021 19:17

Эпидемиолог қазіргі ахуалдың тұрақтануына және дерттің өсу қарқынының төмендеуіне қарамастан, инфекцияның таралу деңгейі төмендеді деп айтуға әлі ерте екенін атап өтті

пресс-служба акима Алматы

Қалада COVID-19 ахуалының тұрақтанғанына қарамастан, ревакциналану бойынша ауқымды науқан басталады. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева мен Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында осы мәселені кеңінен  айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

С. Сұлтанғазиева атап өткендей, COVID-19 вакциналарының жаңа штаммдарға қарсы қорғаныс әсері төмендеуі мүмкін, сондықтан ревакциналану ұсынылады.

«Ревакциналану процедурасын алғашқы вакциналанудан кейін 6 немесе 9 айдан кейін өту керек, бұл коронавирустың жаңа нұсқаларынан дұрыс қорғаныу  үшін қажет»,– деді дәрігер.

Спикер Алматыда бар Vero Cell, Спутник V және QazVac вакциналарының барлығы «дельта» нұсқасына қарсы жақсы қорғаныс және профилактикалық қасиеттерге ие екенін атап өтті.

Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова ревакциналау бұрын екпе алғандардың қайта алу керек екеніне назар аударды.  

«Мұндай вакциналану алдыңғы екпеден соң немесе адам ауырғаннан кейін пайда болған ағзаның иммундық реакциясын қолдауға және күшейтуге мүмкіндік береді. Ревакциналану кезінде ұжымдық иммунитет дербес қалыптаспайды. Аурудың төмендеуі үшін вакциналану және ревакциналанудан соң 75-80% аралығында ұжымдық иммунитет қажет»,– деді Қалықова.

Эпидемиолог қазіргі ахуалдың тұрақтануына және дерттің өсу қарқынының төмендеуіне қарамастан, инфекцияның таралу деңгейі төмендеді деп айтуға әлі ерте екенін атап өтті.

«Ревакциналануды ұзарған сайын, дерттің өршу  соғұрлым жоғары болады. Егер біз екпе алып, содан соң ревакциналансақ, онда  инфекцияны жеңуге болады»,– деп қорытындылады сөзін Калыкова.

Еске салақ, қазір Алматыда тұмауға қарсы екпе салу жүргізілуде, дәрігерлер иммунитеті төмен тұрғындарға, 60 жастан асқан адамдарға, медицина қызметкерлері мен жабық мекеме қызметкерлеріне екпе жасауды ұсынады.