Алматыға QazVac вакцинасының жаңа партиясы жеткізілді

29.07.2021 в 19:37

Енді отандық препарат шаһардың 212 егу пунктінде қолжетімді

kaztag.kz

Алматыға QazVac вакцинасының 5 мыңға жуық дозасы жеткізілді. Енді отандық препарат шаһардың 212 егу пунктінде қолжетімді. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv

Айта кетейін, бүгінде 698 мыңнан аса алматылық ковидтік екпенің бірінші компонентін алған. Олардың 97 мыңнан астамы егде жастағы қарт кісілер. Бұл республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіш. Мұнда өткен тәуліктің өзінде 7707 тұрғын вакцина салдырған.