Алматыдағы ковидтік стационарларда 283 адам, оның ішінде 10 бала бар. Қала тұрғындары арасында инфекцияның расталған жағдайларының саны азайды. Бұл туралы мегаполистің Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында спикер инфекциялық госпитальдардағы төсектердің жартысынан көбі бос екенін атап өтті. 20 медициналық мекемеде барлығы 845 төсек-орын бар.
Интенсивті терапия реанимация бөлімшелерінде 32 пациент бар, ӨЖЖ аппараттарына 11, инвазивті емес ӨЖЖ-ге 6 адам қосылған, 6 High flow аппараты жұмыс істейді.
МСАК мобильді бригадалары мен телемедицина орталығының бақылауында 647 пациент бар, олардың басым бөлігінде КВИ белгілері бар.
Нариман Табынбаевтың айтуынша, қаланың барлық медициналық нысандары Наурыз мерекесіне дайын. Қонақтар мен қала тұрғындары үшін эпидемиологиялық қауіпсіздік толық көлемде қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар Н. Табынбаев пандемияны аяқтау үшін бетперде киіп, вакцинациядан өту қажеттігін атап өтті. Ол алматылықтар аурудың таралуына жол бермеу үшін иммундық жағдайды сақтап, оны қолдауы керек деп санайды.
«Вакцинацияланған адамдар әлі күнге дейін ауруханалардағы КВИ пациенттерінің аз бөлігін құрайды. Қазір ең бастысы – вирустың таралуын тоқтату, вакциналар мен сақтық шараларын қолдану. Сонымен қатар екі екпе жасағандарға бустерлік доза қажет», - деп атап өтті Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
3 наурыздағы жағдай бойынша Алматыда бірінші компонентпен 1 145 655 адам, екінші компонентпен – 1 103 529 адам егілді. 60 жастан асқан егілген адамдардың жалпы санынан-124 997 адам. Ревакцинацияны 261 021 алматылық алды.
Қалада әлі де медициналық ұйымдарда 137 вакцинация пункті жұмыс істейді.