Мұғалімдерді вакцина салдыруға ешкім мәжбүрлемейді – Асхат Аймағамбетов

Мұғалімдерді вакцина салдыруға ешкім мәжбүрлемейді –  Асхат Аймағамбетов
Министрдің айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігінің берген ақпаратына сәйкес, вакцина салғандардың 17 пайызы мұғалімдер
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан онлайн брифингте мұғалімдерді вакцина салдыруға ешкім мәжбүрлемейтінін айтты,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

«Жалпы вакцина мұғалімнің өз еркімен алынады. Өз еркі, ешкім мәжбүрлемейді», – деп айтты Аймағамбетов.

Алайда БҒМ басшысы министр ретінде, Қазақстанның азаматы ретінде әріптестерін өз еркімен вакцинаны салдыруға, ғылымға сенуіне шақырды.

«Өйткені бұл біріншіден, өздеріңіздің қауіпсіздіктеріңіз, екіншіден, мектепте оқып жатқан балалардың, басқа да әріптестеріңіз бен отбасыларыңыздың қауіпсіздігі», –деп жауап берді ол.

Сонымен қатар Аймағамбетов мамандарға сеніп, вакцинаны дер кезінде салдырады деп үміттенетінін жеткізді.

Еске сала кетейік, Асхат Аймағамбетов КВИ-ге қарсы екпені былтыр салдырды.

Новости партнеров