Алматыда вакциналау қарқынын арттыру қажет, өйткені жағдай нашарлауы мүмкін. Бұл туралы Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында сөйлеген сөзінде ол коронавирустық инфекцияның «төртінші толқыны» әлі аяқталмағанын еске салды.
Эпидемиялық жағдайдың жақсаруы коронавирустың төртінші толқыны аяқталды дегенді білдірмейді деп санайды Н. Табынбаев. Сондықтан ол алматылықтарды белсенді вакциналануға шақырды.
«Бүгінде вакцинаның 1-компонентін 899 784 адам, 2-компонентін 779 870 адам алды», – деп хабарлады Н. Табынбаев.
Алматы ҚДБ басшысының пікірінше, бұл жеткіліксіз, өйткені ұжымдық иммунитет әлі қалыптаспаған. Н. Табынбаев стационарлар штаттық жұмыс режиміне оралатынын, алайда коронавирустық жағдай қайтадан нашарлауы мүмкін екенін еске салды.
«Егер біз індетке қарсы шараларды сақтамасақ, бұл орын алуы мүмкін. Әсіресе, қазір оқушылар мен студенттер офлайн оқуға көшкен кезде», – деді Н. Табынбаев.