QazVac вакцинасы бірінші кімдерге салынады

kt.kz
kt.kz
Қалауы бойынша медицина қызметкерлері, педагогтер, полицейлерге бірінші салынады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда QazVac вакцинасын егу кезінде дәрігерлер, мұғалімдер мен полицейлерге басымдық беріледі. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап. 

Айтуынша, отандық QazVac-пен вакциналау кезінде тәуекел топтарына басымдық беріледі.

«Спутник V» пайда болған кезде, ең алдымен тәуекел тобына егілді: медицина қызметкерлері, педагогтер, полицейлер. Егер осы топтардың арасында қазақстандық вакцинаны алғысы келгендер болса, оларға бірінші салынады. Одан кейін вакцинаның қолжетімділігін ескеріп, кез келген адам салдыра алады. Бүгінде қазақстандықтарда таңдау бар: «Спутник V»  немесе QazVac-ты салғыза алады», – деді ол баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек, Қазақстан өңірлеріне отандық QazVac вакцинасы жеткізіле бастады.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев отандық екпе өндірісін ұлғайтатынын айтқан еді.



Новости партнеров