Ұлыбритания қазақстандық вакцинация паспортын мойындады

@Shutterstock
@Shutterstock
Бұл туралы Ұлыбританияның ресми сайтында жарияланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлыбритания Қазақстанның вакцинация паспортын мойындады. Бұл туралы Ұлыбританияның ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Әлемдік нарықпен байланысты одан әрі қалпына келтіреміз. 11 ақпанда таңғы сағат 4-тен бастап Қытай мен Мексиканы қоса алғанда, тағы 16 елдің вакцинация паспортын мойындаймыз. Осылайша, жалпы тізімге бүкіл әлем бойынша 180-нен аса ел мен аймақ кіреді. Мемлекеттер мен аймақтардың толық тізімін gov.uk сайтынан табуға болады", - делінген сайтта.

Ұлыбритания мойындаған вакциналар мен вакцинация паспорттары бар елдер тізімі көрсетілген бетте Қазақстан туралы ақпарат пайда болды.

"Қазақстан бұл тізімге 2022 жылдың 11 ақпанында сағат 4:00-де қосылады. Вакцинация мәртебесі вакцина паспорттарымен расталады", - делінген хабарламада.

Вакцинация туралы сертификатты Денсаулық сақтау органы мемлекеттік деңгейде беруі, ағылшын, француз немесе испан тілдерінде болуы керек және аты-жөні, туған күні, вакцина маркасы мен өндірушісі, әр дозаның вакцинация күні, вакцинация елі және/немесе төлқұжат берген орган көрсетілуі қажет.

Айта кетейік, Ұлыбритания қазір сегіз вакцинаны мойындады: Covaxin, Moderna, Johnson&Johnson, Novavax, Oxford/AstraZeneca, Pfizer BioNTech, Sinopharm Beijing, Sinovac-CoronaVac.

Новости партнеров