Жалпы шаһар бойынша 1 тәулікте 5001 адам екпе салғызыпты
Алматыда коронавирус вакцинасын 60 жастан асқан 96 мыңнан астам азамат алды. Мұндай мәліметпен қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы бөлісті, деп хабарлайды Almaty.tv
Жалпы шаһар бойынша 1 тәулікте 5001 адам екпе салғызыпты. Ал жаппай вакциналау науқаны басталғалы бері 690 мың 711 адам екпенің 1-інші компонентін алған.
Қаланың медициналық ұйымдарында, мектептер мен мәдениет орындарында, базарлар мен сауда ойын сауық орталықтарында қазір 212 вакциналау пункті жұмыс істеп тұр. Оған 1 260 медицина қызметкері жұмылдырылған.