Вакцинация бедеулікке әкелмейді – репродуктолог дәрігер Вячеслав Локшин (эксклюзивті сұхбат)

Вакцинация бедеулікке әкелмейді – репродуктолог дәрігер Вячеслав Локшин (эксклюзивті сұхбат)
Дәрігерлер вакцинаның екінші дозасын алғаннан кейін 1-2 айдан соң ғана ЭКҰ-ға баруға кеңес береді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Репродуктолог дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик Вячеслав Нотанович Локшин вакцинация мен жүктілікке қатысты сұрақтарға жауап берді. Almaty.tv тілшісі алған эксклюзивті сұқбатты назарларыңызға ұсынамыз.

– Вакцинациядан кейін дәрігерлердің ЭКҰ-дан бас тартатыны рас па?

– Бұл – шындыққа жанаспайтын ақпарат. Біз пациенттерімізге вакцина алуға кеңес береміз,  ал екінші инъекциядан кейін бір ай өткен соң, ЭКҰ-ға келуіне болады.  Егер әйел адам 9 айға созылатын жүктілік кезінде коронавируспен ауырса, бұл ана денсаулығына әлдеқайда қиын және ауыр болуы мүмкін. Керісінше, егер денсаулыққа қарсы көрсетілімдер болмаса, вакцина алу керек. Бұл біздің талаптарымыздың бірі.

Егер қыз-келіншектер ЭКҰ-ға жүгінбей, жүктілікті жоспарласа, вакцинаның екінші дозасын алған соң бала көтеруге болады. Тек бір-екі ай уақыт өту қажет. Егер жүкті әйел өзінің аяғы ауыр екенін білмей вакцина жасаса, ештеңеге уайымдамай-ақ қоюына болады.

Вакцинациядан кейін дәрігерлердің ЭКҰ-дан бас тартады деген жалған ақпарат қайдан шығуы мүмкін? Менің ойымша, әйелдер вакцинаның бірінші дозасын алған соң немесе екінші дозасынан кейін қажетті уақыт өтпей жатып ЭКҰ-ға барған болар. Сол себепті дәрігерлер екінші дозасын алғаннан кейін 1-2 айдан соң ғана келуге кеңес береді. Егер жүктілік жоспарлаған әйел екінші инъекциядан кейін бір айдан кейін келсе, дәрігерлер бас тартпайды.

Неліктен белгілі бір уақыт өту қажет? Біз ЭКҰ-ды жасағаннан кейін вакцинаның жағымсыз жанама әсерлері жүктілік уақытына тап болғанын қаламаймыз. Қазір Израильде әйелдерді жүкті кезінде вакцинациялап, зерттеу жүргізіп жатыр. Айта кету керек, жүкті әйелдерге тұмауға қарсы екпе алуға кеңес беріледі.

– Көптеген адам вакцина бала сүюге кері әсерін тигізеді деп ойлайды. Вакцинация бедеулікке алып келеді деген рас па?

– Жоқ. Бүгінгі таңда Қазақстанда 400 мыңға жуық адам коронавируспен ауырды. Кейбіреуіне уақытша әсер еткен болуы мүмкін. Бірақ коронавируспен ауырғанша, вакцина алып қорғанған дұрыс. Себебі бұл ауру адам денсаулығына қауіпті. Демек, вакцина бедеулікке ешқандай әсер етпейді. Керісінше коронавируспен ауыру репродуктивті жүйеге зиянын тигізуі мүмкін. Егер адам вакцина алмаса, эпидемия кезінде ауырмайтынына қалай кепілдік бере алады? Ал вакцина 90% кепілдік береді. Сондықтан мен халықты вакцина алуға шақырамын.

Новости партнеров