COVID-19 вакцинасын алған тұрғындарға телефон, электросамокат пен тұрмыстық техника берілді

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда Алматыда 316 407 адам екпе алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Sputnik Mall» СОСО, «Car City» сауда кешені мен «Тигрохауд» сауда үйінде вакцина алғандар арасында жүлделі ұтыс ойындары аяқталды. Іс-шараға Әуезов ауданы әкімдігінің қолдауымен кәсіпкерлер бастамашылық етті.

Акцияны ұйымдастырушылардың айтуынша, ұтыс ойындары «Вакцина алда – сыйлық ал» ұранымен өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Алматы қаласы ұзақ уақыт «қызыл» аймақта болды, біз адамдарды вакцинамен қамту керек деп шештік. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру біздің ортақ мүддеміз. Үш сауда-ойын-сауық орталығы мен сауда үйі әкімшілігінің өкілдері бұл идеяны қолдап, ұтыс ойынын өткізуге көмектесті», – деп хабарлады Әуезов ауданы әкімдігі.

«Sputnik Mall» СОСО-да тұрмыстық техника мен ұялы телефон ойнатылды. Жеңімпаздардың бірі алматылық Анастасия Соловьева болды. Анастасия «Ксяоми Редми нота 9» ұялы телефонын жеңіп алды.

«Мен вакцина алуға келдім, ұтыс ойыны жайлы білмедім. Мен үшін жүлдені жеңіп алу күтпеген жерден болды. Ұжымға алғыс білдіремін», – деп Анастасия өз әсерін бөлісті.

«Car City» СК мен «Тигрохауд» СҮ вакцин алған қала тұрғындары электросамокат, ұялы телефондар, сымсыз құлаққаптар, микротолқынды пештер, шаңсорғыштар, үтіктер, фендер, электр шәйнектері, автобөлшектер, авто аксессуарлар, кинотеатрға билеттер ұтып алды.

Айта кетсек, Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда Алматыда 316 407 адам екпе алды. Алматылықтард үш вакцинаның бірін таңдай алады: Спутник-V, QazVac, Hayat-Vax.

Медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен СОСО-да (250-ге дейін ұлғайту мүмкіндігімен) 211 вакцина пункті жұмыс істейді. 1 257 адамнан 304 екпе бригадалары бар.

Новости партнеров