Жандарбек Бекшин: Қатаң локдаун енгізу жоспарда жоқ

Almaty.tv
Almaty.tv
Өткен тәулікте 689 адам коронавирус жұқтырған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда коронавирус індетінің даму динамикасы өткен жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артқан, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәселен, жыл басынан бері ауруды жұқтырғандар саны 33 мың 230 болса, 2020 жылы 18,5 мың болған. Сондай-ақ, соңғы уақытта симптомы бар науқастар саны көбейген. Бұл індеттің агрессивті сипатын көрсетеді. Шахардың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин осылай деді. Ал соңғы уақытта қашықтан оқу форматында білім алып жатқанына қарамастан, мектеп жасындағы балалар арасында коронавирусты жұқтырғандар көбейген. Бұл індетті жұқтырудың басты ошағы үй жайлары екенін көрсетеді, деді бас санитарлық дәрігер. Алайда мамыр айының соңында жұқтыру қарқыны азаяды деп күтілуде. Бұл алматылықтарға жаппай вакцина алуымен байланысты деді ол.

«Тұрғындардың денсаулығы өз қолында. Бекітілген санитарлық талаптарды қатаң сақтау керек. Ал үкімет өз тарапынан қажетті шараларды жасап жатыр. Шахарда вакцинациялау тиісті деңгейде жүргізілуде. Әзірге қатаң локдаун енгізу жоспарда жоқ», – деді қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин.

Новости партнеров