|
06.10.2021 | 18:03
601

Рfizer вакцинасы қашан жеткізілетіні белгілі болды

Ақтық келісімшарт бойынша шамамен 4 млн доза жеткізу жоспарланып отыр

Рfizer вакцинасы қашан жеткізілетіні белгілі болды ҚазАқпарат

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Рfizer вакцинасын елге әкелу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Рfizer бойынша ақтық келісімшартқа қол қойдық. Рfizer компаниясында келісімнің бірнеше процесі бар. Ақтық келісімшарт бойынша шамамен 4 млн доза жеткізу жоспарланып отыр. Күтіп отырмыз. Менің ойымша, жуықта – төртінші тоқсанда алумыз керек. Тиісінше тоңазыту жүйесі толықтай түзіледі. Жеткізу кезеңінің өзінде Қазақстанның әр өңірінде тоңазыту жүйесі болады. Ол қажетті – 80 градустық режимге сай болғаны керек. Сондықтан, қажет жайдайдың бәрі жасалады», – деген ведомство басшысы, вакциналау бекеттерінде қазірдің өзінде вакцина сақтауға барынша жағдай жасалғанын еске салды. 

Оның айтуынша, Рfizer вакцинасын сақтаудың тәсілі қолданыстағы тәсілмен ұқсас. 

«Принципі ұқсас, тек сақтау температурасының режимі ғана өзгеше. Сондықтан өңірлердің бәрінде қосымша қондырғылар орнатылады. Менің ойымша, вакцина келген кезге дейін тоңазыту желісі басқа вакциналарға да жарамды болады. Бұл келешекте де вакциналарды бірнеше температура режимінде күтіп ұстаудың көпсатылы механизмін қалыптастыруға жол ашады. Қазір әлемде жасалып жатқан кез келген вакцинаны сақтаудың мүмкіндігі пайда болады», – деді министр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир