Екпе алғандарға маска тақпай жүруге бола ма – министрлік жауап берді

14.05.2021 23:43

Әлеуметтік желіде вакцина салдырғанын айғақтайтын құжат көрсеткен жағдайда бетперде тақпай жүруге болатыны туралы ақпарат пайда болды

ашық дереккөзден


Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі коронавирус вакцинасын салдырғандарға қоғамдық орындарда медициналық маскасыз жүруге бола ма деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желіде вакцина салдырғанын айғақтайтын құжат көрсеткен жағдайда бетперде тақпай жүруге болатыны туралы ақпарат пайда болды.

«Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, барлық азамат вакцина салдырып-салдырмағанына қарамастан барлық талапты сақтауы қажет. Ол – бетперде тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау», – деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ел азаматтарының 60%-і вакцина салдырған жағдайда маска режимін тоқтату мәселесін қарастыруға болатынын айтты.