|
23.07.2021 | 20:28
3077

Алмаз Шарман: Қазақстанда эпидемиолог пен вирусологтар мектебін қалпына келтірудің тиімді мүмкіндігі бар

Ғалым ел аумағында бұрын болған әлеуеттің жоғалғанын өкінішпен еске алды


Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында сөз сөйлеген Қазақстанның Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман елдегі эпидемиологтардың тапшылығын растады. Алайда, ғалымның айтуынша, қазіргі кезде ғылым мен медицина бағытын қалпына келтірудің мүмкіндігі бар, деп хабарлайды Almaty.tv.

А. Шарманның айтуынша, қазіргі індет елдегі эпидемияның әлсіз тұстарын көрсетті. Иммунолог қазіргі кезде кадр тапшылығына байланысты эпидемиологиялық бақылау мәселелерін шешу өте қиын деген пікірде.

«Мен  40 жылдық тәжірибесі бар иммунологпын және өз кезеңінде жұмыс істеген эпидемиолог пен вирусологтардың қандай екенін білемін. Өкініштісі сол, қазір көбісі қызметте емес. Қызметтің бұл саласы өте маңызды. Сондықтан біз жарты жыл бұрын дәрігерлер тобымен денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту, бұрын болған гигиена және эпидемиология мектебін қайта құру туралы үндеу тастадық. Бұл болашақта эпидемия жағдайында эпидемиолог пен вирусологтардың мықты кадрлық әлеуетін қалыптастыру үшін қажет. Алайда біз үшін бұл сала бүгін қажет. Сондықтан қазіргі уақытта эпидемияның таралуын жақсы қадағалап, кәсіби мамандармен вирусты жеңе алатын  эпидемиологтар даярланып жатыр», – деді А. Шарман.

Ғалым ел аумағында бұрын болған әлеуеттің жоғалғанын өкінішпен еске алды. Бірақ қазір оны қалпына келтірудің ерекше мүмкіндігі бар. Бұл үшін адам ресурстарына қомақты инвестициялар қажет.

«Медициналық университеттерде эпидемиология және профилактикалық медицина мәселелерімен тікелей айналысатын қоғамдық денсаулық сақтау мектептерін қайта құру қажет. Бұл өте маңызды: біз аурулардың алдын алуға неғұрлым көп инвестиция салсақ, адамдар соғұрлым аз ауырады және емдеуге аз қаржы жұмсалады», – деді А. Шарман.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир