Небәрі бір жылдың ішінде жасап шығарылған вакцинаға сенбейтіндерге қатысты дәрігер, ғалымдар пікір білдірді. Мамандардың сөзінше, төтенше жағдай кезінде қажетті екпені өндіру қалыпты нәрсе дейді. Тіпті, тарихта оны бірнеше айда шығарып қауіпті дерттердің бетін қайтарған кездер болғандығын тілге тиек етеді. Толығырақ Almaty.tv тілшісі бейнематериалында.
Токио қаласында тұратын дәрігер Әбдібек Қалибекұлы халық арасында таралған түрлі аңыздардың болуы орынды деп ойлайды. Әйтсе де елге нақты ақпарат беру өте маңызды дейді ол. Мәселен вакцинаның екінші компонентін алған адамдарда қан ұйып қалуы мүмкін деген пікірлер әлі практикалық түрде расталмаған.
«Бізге келіп жатқан деректерде мұндай ақпарат жоқ. Ресейдің шығарып жатқан Спутник-V деген вакцинасы бар. Ол Англияда да ғылыми мақалалар шығып жатыр. 92 пайыздан артық өнімділігі бар деп. Әрине, бұл енді осындай төтенше жағдайларда қолданудан басқа амал жоқ. Сенуге әбден болады», – деді Джунтендо университеті медицина мектебінің балалар хирургиясы бөлімінің дәрігері Әбдібек Қалибекұлы (Токио).
Сонымен қатар, дәрігер қоғамда ұжымдық иммунитет қалыптаспай, коронавирус жойылмайтынын айтты. Мұнымен белгілі профессор Сәкен Әмреев те келіседі. Ғалым қазір шығарылып жатқан екпелерді қысқа мерзім ішінде жасап шығарылған вакцина деп алаңдап, сапасына күмән келтірмеуге шақырды.
«Өзімізше жасадық, соны қолданып жатыр деген жоқ. Оның бәрі неше түрлі стадия бойынша тексеріледі. 3-4 кезеңнен өтеді. Содан кейін барып рұқсат беріледі. Сосын барып, егер жасаған кезде сізде қарсы көрсеткші болса, сізге ешкім жасамайды. Созылмалы ауруларыңыз болса, температураңыз болса деген сияқты», – деді профессор, медицина ғылымдарының докторы Сәкен Әміреев.
Сондықтан мамандар вакцинациядан қорқудың қажеті жоқ дейді. Ғалым мұндай кезде ақпараттың сан алуандығы ел мен қоса мамандарды да алаңдататынын айтады. Тек бүгінгі дәлделденгені – вакцина вирусты алдын алудың жалғыз тетігі екені.
«Ешқандай бізде амал қалмады дейді. Оған дәрілер жоқ. Ковидті емдейтін 2-3 қана дәрісі бар, оның кейбіреуі әлі сынақтан өтпеген де. Әлі дәлелденбеген. Сондықтан басқа амалымыз жоқ. Осы вакцина жасап қана алдын алғаннан басқа амалымыз жоқ», – деді профессор, медицина ғылымдарының докторы Сәкен Әміреев.
Сондай-ақ, ғалымдар алдағы уақытта балаларға вакцина салынбайтынына сенімді. Яғни, балаларды вакцинациялауға кеңес бермейді. Ал созылмалы ауруы бар адамдарға вакцина еш зиянын тигізбейді дейіді.
Ұлағат Арғын, Назкен Еркін, «Алматы» қаласы