Қазір елімізде өндірілген QazVac-P атты отандық тағы бір вакцина клиникаға дейінгі сынақтардан оң нәтиже алынған соң, Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатымен бірінші фазалық клиникалық сынақтардан өтіп жатыр. Суббірлікті екпенің басқа вакцинадан айырмашылығы қандай? Отандық ғалымдар QazVac вакцинасын дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына тіркеу жұмыстарын қалай жүргізіп жатыр? Осы және өзге сауалдарға Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары Ерғали Әбдірайымов Almaty.tv тікелей эфирінде байланысқа шығып отыр.
- Ерғали мырза, отандық QazVac вакцинасы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына қашан тіркелуі мүмкін? Тіркелсе, біздің екпе басқа елдерге де экспортқа шыға ала ма? Жалпы сұраныс бар ма? QazVac туралы дүниежүзілік ғылыми журналға қашан жарияланады?
- Әрине, бүгінгі таңда біздің отандық QazVac вакцинасының Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына тіркеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл жерде бірнеше министрліктің қатысы бар. Бұл күрделі жұмыс. Бір күндік жұмыс емес. Оған біраз уақыт керек. Құжаттамалар тізімі бар, солардың бәрін келісіп, әзірлеп, дайындап жатырмыз. Екіншіден, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына тіркелгеннен соң, ол вакцинаны міндетті түрде келесі елдер сатып алады деп айта алмаймыз. Негізі тіркелу рәсімі басқа мемлекеттерге шығу мүмкіндігін көбейтеді. Соған байланысты жұмыстар атқарылып жатыр. Жалпы басылымға келетін болсақ, нәтижелері алынған соң, оларға сараптама жасау керек. Содан кейін барып, мақала әзірленіп, журналға жіберіледі. Қазір ол журналға жіберілді. Сарапшылардың тексеруінде. Жақын арада, бірнеше айдың көлемінде мақаламызды жақсы бір журналда басып шығады деген ниеттеміз.
- Осы уақытқа дейін қазақстандық вакцинаның қанша дозасы өндірілді?
- Бүгінгі таңға дейін отандық вакцинаның 200 мың дозасын өндірдік. 200 мың дозаның 100 мың дозасы сәуір-мамыр айында СК Фармацияның қоймаларына жеткізілді. Маусымның соңына дейін кезекті 100 мың доза өндіріліп дайын тұр, жеткіземіз.
- QazVac-P атты қазақстандық тағы бір вакцина сынақтан өткізіле бастады, сол туралы айтсаңыз? Оның айырмашылығы неде? Құрамы қандай?
- Сіздер білесіздер, ғылыми техникалық бағдарлама аясында біз бірнеше вакцинаны тексеріп жатырмыз. Бұл вакцинаның негізгі ерекшелігі − вирустың үстіндегі жеке ақуыздарының негізінде жасалады вакцина.