Алматыда кәсіпорын жұмысшыларының 76 пайызы екпенің 1-компонентін алды

Алматыда кәсіпорын жұмысшыларының 76 пайызы екпенің 1-компонентін алды
Мұндай ақпаратты қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда кәсіпорын жұмысшыларының 76 пайызы вакцинаның бірінші дозасын алған. Мұндай ақпаратты қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин айтты. Ол өз сөзінде қалада кәсіпкерлер көп болғандықтан, қызметкерлердің қауіпсіздігі басты орында екенін атап өтті. Бұл тұтынушылар үшін де аса маңызды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қаламызда 123 жарым мың кәсіпорындар 775 мыңға жуық жұмыскерлерімен вакциналауға тиесілі. Соның ішінде медотводты алған кезде,  695 мыңы вакцина алуы тиіс. Бүгінгі таңда 528 мыңға жуық адам вакцинаның бірінші дозасын алған болатын», – деді қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин.

Сонымен қатар, жыл басынан бері Алматының өңдеу өнеркәсібі саласы айтарлықтай дамыған. 7 ай ішінде 23,3 пайызға дейін өсім байқалыпты. Одан бөлек, қағаз және қағаз өнімдерінің өндірісі 29,9 пайызға, құрылыс материалдары 16,5  дайын металл бұйымдары 56 пайызға дейін өскен екен.

«Өздеріңіз білесіздер, өткен жылы индустриалды аймақта Хюндай зауыты ашылған болатын. Сол жылы 6,5 мыңнан астам автокөлік шығарылды. Биыл да қаңтар-шілде айларынының ішінде 12,3 мыңнан астам автокөлік шығарылған болатын. Нәтижесінде машина жасау саласында 4,8 есеге өскен болатын», – деді қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин.  

Новости партнеров