|
18.08.2021 | 16:41
4247

Алматылық кәсіпкер Ashyq қосымшасының тиімді тұстарын айтты

Алматы қаласы бойынша Ashyq жобасында 6486 кәсіпкерлік нысан бар, тағы 5541 нысан ерікті түрде қатысады

Алматылық кәсіпкер Ashyq қосымшасының тиімді тұстарын айтты Almaty.tv

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында қалалық «Есть повод» кафесінің директоры Лиана Сидорова баяндама жасады. Ол өз мекемесінде жұмыс істеген кезінде «сары» мәртебесі бар келушінің қалай  анықталғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметі бойынша, Алматы қаласы бойынша Ashyq жобасында 6486 кәсіпкерлік нысан бар, тағы 5541 нысан ерікті түрде қатысады. Ashyq көшбасшыларының қатарыннда 105 нысан бар.

29 шілдеден 5 тамызға дейінгі кезеңде Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлік нысандардың кіреберісінде сканерлеу нәтижесінде 1 239 тұрғын үшін «қызыл» және 194 алматылықта «сары» мәртебе анықталды.

Барлығы 28 сәуір мен 15 тамыз аралығында Алматы қаласында «қызыл» мәртебесі бар 387 жеке тұлғаға оқшаулау режимін бұзғаны үшін 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

«Есть повод» кафесінің директоры Лиана Сидорова Ashyq жобасының алғашқы кезеңіне қалай қосылғанын айтты. Қоғамдық тамақтандыру өкілі бұл қосымшаны іске асыру қиын болғанын және оны кейбір қонақ түсінбегенін растады.

«Уақыт өте келе қосымша жақсарып, орнықты. Жалпы оны банктік қосымшаға бейімдеу арқылы жұмыс істеу ыңғайлы. Біздің қонақтар оның нұсқасын жиі қолданады, мәртебесін көріп барып кафеге кіреді», – дейді Л. Сидорова.

Кафе директоры өздерінің жоба көшбасшылары екеніне риза, соның арқасында жұмыстарын екі сағатқа ұзарта алды. Бұл шығындарды азайтуға, қала тұрғындарының жұмыстан кейін кешкі кафеге келіп, ас ішулеріне мүмкіндік берді.

Лиана Сидорова бір күні олардың кафесіне «сары» мәртебелі қонақтың қалай келгені туралы айтып берді.

«Олар маған қоңырау шалып, «сары» мәртебелі бір келушіні анықтағандарын, бірақ оның кері айналып, кетіп қалғанын айтты», – деді кафе директоры.

Л. Сидорова бұл жобаға кафелер, ірі сауда үйлері ғана емес, жеке дүкендердің де қосылғанына қуанышты екенін айтты.

«Жақында мен баламды мектепке дайындау үшін аяқ киім дүкеніне бардым. Олар маған Ashyq арқылы кіру керегін айтты», – деді спикер.

Л. Сидорова бұл жобаның арқасында қауіпсіз аймақта жұмыс істеуге болатынын баса айтты. Оның айтуынша, дәмхана бүкіл қызметкері КВИ  вакцинасын алған нысанның бірі болды.

«Біздің қызметкерлер вакцинаны Алматыға келген бойда алды. Мен де вакцина алдым, сондықтан өзіме сенімдімін. Жақындарым да аман. Бұл мен үшін өте маңызды», – деді Л. Сидорова.

«Ashyq көшбасшысы» деп танылған Алматы дәмханасының директоры барлық азаматтарды, әсіресе аға буын өкілдерін вакциналануға шақырады. Ол тек ұжымдық иммундау бұрынғы өмір салтына оралуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир